Қайғылы оқиға 28 мамыр сағат 18:00 шамасында Алматы-Бішкек жолының 44 шақырымында болған.
Түркістан облысының 39 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан КамАЗ маркалы жүк көлігінің тіркемесі жолда ажырап кеткен.
Ажырап кеткен тіркеме қарсы қозғалыс жолағына шығып, Geely көлігімен, одан кейін KIA Sportage көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан 4 адам қаза тапты, оның ішінде Geely жүргізушісі де бар. Қазір жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу