Алматы бизнес жүргізуге қолайлы өңір

1138

Дүниежүзілік банктің сарапшылары елімізде бизнес жүргізуге қолайлы аймақтарды атады.

Алматы бизнес жүргізуге қолайлы өңір

Алматы бизнес жүргізуге қолайлы, ал Астана қолайыз өңір, деп хабарлайды abctv.kz.

Мұндай пікірді Астана қаласының әкімдігінде өткен жиында Дүниежүзілік банктің сарапшылары айтты.

Қазақстан үкіметінің тапсырысы бойынша Дүниежүзілік банктің мамандары "Қазақстанда бизнес жүргізу" атты зерттеу жасаған. Бұл ретте, еліміздің сегіз өңіріне зерттеу жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша Астана ең соңғы орынды иеленді. Ал Алматы бизнес жүргізуге қолайлы өңір деп танылды.

Астана мен Алматыдан бөлек, зерттеу барысында Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан өңірлері де назарға алынған.

"Бұл зерттеу Қазақстанның "Doing Business" рейтингіндегі орынын жақсарту мақсатында жасалды. Астанада "электр желілеріне қосылу" және "меншікті тіркеу" көрсеткіштері тым нашар. Алматы үш көрсеткіш бойынша алда тұрды. Екінші орынға Ақтөбе облысы, үшінші орынға Қостанай облысы жайғасты", – деді Lincompany компаниясының директоры Людмила Насенкова.

Еске сала кетейік, Қазақстан биыл "Doing Business" рейтингінде 36 орынды иеленді.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу