Оның сөзінше биыл "Almaty Finance" компаниясы жалпы сомасы 8,3 млрд теңге болатын 42 жобаның қаржыландырылуын мақұлдаған. Атап айтқанда 26 жоба 6,8 млрд теңгеге қаржыландырылды. 800 млн теңге сомасындағы жобалар егжей-тегжейлі пысықталуда. Жобаларды іске асыру жүзден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
"Қаражат түрлі салалардағы жобаларды іске асыруға бағытталған. Олардың қатарында мыңнан астам түрлі зерттеулер жүргізуге қабілетті жаңа зертхана ашу, кофе дәндерін қуыру цехын құру, тігін цехын іске қосу, жиһаз және жиһаз фурнитурасын, металл бұйымдарын, кеңсе тауарларын, гигиеналық құралдарды өндіру, өнеркәсіптік парк салу, сондай-ақ, IT-индустрия саласындағы жобалар: электрондық төлемдер мен процессингтік қызметтерді ұйымдастыру, үш компонентті интеграцияланған жүйені құру және өзге де бастамалар бар. Берілген қарыздардың ең көп саны жеңіл өнеркәсіп жобаларына – 6 жоба, жиһаз өнеркәсібі – 5 жоба, денсаулық сақтау – 4 жоба, білім беру және спорт – 2 жоба. Осы салалардағы жобаларды іске асыру үшін берілген қарыздар сомасы шамамен 6 млрд теңгені құрайды", - деді ЖШС басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, "Almaty Finance" компаниясы "Almaty Business-2025" кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында 2019 жылы құрылған болатын. Компания тек Алматы қаласында тіркелген, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған бизнесті қаржыландырады. Несиелеу жылдық 2% – бен, әрі ұлттық валютамен беріледі. Ең жоғары қарыз сомасы 70 млн теңге. Бұл сома өнеркәсіптік парктерде бизнес бастайтындарға қарастырылған. Ал бизнестің өзге бағыттары үшін жылдық 6%-бен 500 млн теңгеге дейінгі несие ұсынылмақ. Несие беру мерзімі – жеті жылға дейін, нысаналы мақсаты – айналым қаражатын толықтыру және инвестициялық мақсаттар.