Алматы бюджетінің әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығысы 30%-ға өсті

Бұл туралы қалалық мәслихаттың VI сессиясында Алматы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді. 

Алматы бюджетінің әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығысы 30%-ға өсті Фото: Almaty.tv

"Әлеуметтік қамсыздандыру саласында жалпы бюджеттің үлесі 3,4% –  44,5 млрд теңге игерілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 10,1 млрд. теңгеге немесе 29,6%-ға артық", – деді спикер.

Оның мәліметінше, 2022 жылы 5 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды, аз қамтылған отбасыдан шыққан 8 мың бала кепілдендірілген әлеуметтік пакет түрінде қолдауға ие болды. Тұрғын үй көмегі 1,5 мыңнан астам отбасына көрсетілді. Сонымен қатар, 36 мың адам 16 бағыт бойынша әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етілген.

"Ерекше қажеттілігі бар 28 мыңнан астам азамат оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілген", - деді Қанат Сухамбеков.

Ерекше күтімді қажет ететін 5,8 мың қала тұрғыны санаторлы-курорттық емделуге жіберілді. Инклюзивті білім берумен 4 632 бала қамтылды. Қалада психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның 17 кабинеті жұмыс істейді, онда 15,5 мың бала тексеруден өтті.

Әлеуметтік қамсыздандыру нысандарын дамыту аясында 2022 жылы Алатау ауданының "Томирис" ш/а-да белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар үшін жедел әлеуметтік көмек пунктінің құрылысы аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу