Алматы – Чэнду Тяньфу бағытында тікелей рейс ашылды

142

Air China әуекомпаниясы Алматы мен Чэнду Тяньфу (Қытай), Сычуань провинциясының әкімшілік орталығы арасында тікелей әуе қатынасын іске қосты.  

Алматы – Чэнду Тяньфу бағытында тікелей рейс ашылды Фото: staralliancevirtual.org

CA456 рейсі аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері Airbus A320 ұшағымен орындалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыдан ұшу жергілікті уақытпен – 21:30, Чэндуге келу – келесі күні жергілікті уақыт бойынша 04:30.

Чэнду қаласынан Алматыға ұшу шамамен 3,5 сағатты алады, бұл транзиттік рейстермен салыстырғанда кемінде 7 сағат уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Қайтар рейстің ұзақтығы – шамамен 5 сағат.

Бүгінде Алматы әлемнің 60 қаласымен тікелей әуе рейстері арқылы байланысқан. 2025 жылы 13 жаңа халықаралық бағыт ашылды.

Чэнду қаласына жаңа рейстің іске қосылуы Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік және туристік байланыстарды нығайтып, өңірде туризмді дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу