Алматы циркі, хайуанаттар бағы және Н.САЦ атындағы жасөспірімдер театры қайта жаңартылады

328

Бұл туралы ӨКҚ брифингінде қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев айтты.  

Алматы циркі, хайуанаттар бағы және Н.САЦ атындағы жасөспірімдер театры қайта жаңартылады Фото: Inbusiness.kz

Қалада 20 кітапхана, "Райымбек батыр" музей кешені, "Боралдай сақ қорғандары" археологиялық парк базасында сақ мәдениет орталығы, "Жаңа ғасыр" жастар театрын ашу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, бірнеше музейдегі экспозицияларды қалпына келтіріліп, жаңартылды.

Алатау, Наурызбай, Жетісу және Түрксіб аудандарында заманауи коворкинг-орталықтар форматында жаңа кітапханалар ашылады. Ол үшін 5 үй-жай сатып алынады.

Жыл соңына дейін 2 кітапхананы жаңғырту жоспарланған, соның нәтижесінде жаңғыртылған кітапханалардың көрсеткіші 90% болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу