"Қалпына келтіру жұмысы барысында ғимараттың бастапқы келбеті, дизайны мен сыртқы құрылымы өзгеріссіз қалады. Сондай-ақ оның барысында цирктің бүкіл өнер ұжымы республикада, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерде гастрольдік сапарда болады. Жөндену жұмысы кезінде Қазақстанның еңбек заңнамасына сәйкес, әртістердің жұмыс орны сақталады", – деп жазылған басқарма таратқан хабарламада.
Еске сала кетсек, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркінің ғимараты Дінмұхамед Қонаевтың бастамасымен 1979 жылы салынды. Нысан сәулетші Владимир Кацев жобасы бойынша бой көтерді. 2003-2006 жылдары цирк ғимаратына алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.