Алматы дәрігерлері 70 жасқа дейінгі барлық қала тұрғындарын скрингингтік тексеруден өтуге шақырады

517

Дәрігерлердің дерегінше скринингтік тексеру – көптеген ауруларды ертерек анықтауға мүмкіндік береді. Бұл дер кезінде емдеуді тағайындауға және өмірді сақтауға ықпал етеді.  

Алматы дәрігерлері 70 жасқа дейінгі барлық қала тұрғындарын скрингингтік тексеруден өтуге шақырады Фото: otyrar.kz

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы қаласындағы №21 қалалық емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Қонай Бесбаев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz. 

Оның мәліметінше, скрининг нақты аурулар бойынша және екі жас санаты бойынша жүргізіледі: балалар 0-ден 18 жасқа дейін, ал ересектер 30-дан 70 жасқа дейін скринингтен өтеді. Дәрігер ешқандай белгілердің абсолютті болмаған жағдайда да тексеру жүргізілетінін айтты. Бұл адамның денсаулығына қатысты сенімді болу үшін жасалады.

"Скринингтен өту үшін тұрғылықты жері немесе тіркелген жері бойынша емханаға хабарласу қажет. Ол үшін әрбір алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінде скринингтік кабинеттер бар. Өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы керек. Науқас мінез-құлық факторларын, гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін және глаукоманы ерте анықтау үшін скринингтік кабинетте тексерілгеннен кейін онкопатологияға тексеріледі, егер ол жасына байланысты скринингтің осы түріне жататын болса, жасалады", -  деді Қонай Бесбаев.

Барлық профилактикалық тексерулерді бір жылға жоспарланған. Профилактикалық тексерулер МӘМС есебінен қаржыландырылады, сондықтан скринингтен өту үшін сақтандыру мәртебесі болуы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу