Алматы дәріханаларында 250 мың медициналық бетперде бар. Ол үшін медициналық респиратор шығаратын кәсіпорын мен мегаполистегі 70 дәріхана арасында келісім жасалды. Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Айзат Молдағасымова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
"Кеше сатылымда 164 мың бетперде болса, бүгін сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 250 мың бетперде бар. Бір адамға 10 данадан артық сатылмайды. Үш қабатты бетперделердің бағасын 87 теңгеден, көміртекті фильтрі бар бетперделер 111 теңгеден жоғары бағамен сатылмауы тиіс. 7 сәуірде Сауда министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі арасында бетперделердің ең жоғары бағасы ретінде 118 теңгені белгілеу туралы ортақ бұйрық шықты", – деді Айзат Молдағасымова.
Құралай Құдайберген