Алматы дәріханаларында бетперде жеткілікті

1442

Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту және қолдау қауымдастығы халықты дүрліктірмеуді сұрады.  

Алматы дәріханаларында бетперде жеткілікті

"Алматы дәріханаларында бетперде жеткіліксіз" деген ақпарат жалған, деп хабарлады Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту және қолдау қауымдастығының президенті Марина Дурманова.

"Мегаполис қоймаларда Қазақстанда шығарылған бетперделердің стратегиялық қоры жеткілікті. Атап айтсақ, үш қабатты 900 мың, медициналық 70 мың, 100 мың балалар репираторы бар. Бұл қор күнделікті толықтырылып отырады. Сондықтан халықты дүрліктірмеуді сұраймыз", – деді Марина Дурманова.

Сонымен қатар мамандардың пікірінше қала тұрғындарына №95 (арнайы медициналық) бетпердені пайдаланудың қажеті жоқ. Оны кез келген үш қабатты респиратор алмастыра алады. Бар болғаны үш сағатта бір ауыстырып отыру керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу