Алматы-Дели бағытында әуе қатынасын қайта жандандыру жоспарланып отыр

743

Алматы-Дели бағытында рейстерді қайта жаңарту жоспарланып отыр. Екі ел арасындағы тікелей әуе рейстерін қалпына келтіру жайы ИИДМ басшысы Бейбіт Атамқұловтың Үндістанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Шубхдаршини Трипатимен кездесуі кезінде қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы-Дели бағытында әуе қатынасын қайта жандандыру жоспарланып отыр

Таяу уақытта екі елдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде Алматы-Дели бағытында рейстерді қайта жаңарту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ ҚР ИИДМ басшысы үнді бизнесін республикада жасалған қолайлы іскерлік және инвестициялық жағдайды пайдалануға және елдің түрлі өнеркәсіптік жобаларына қаражат салуға шақырды.

Айта кетсек, 2021 жылғы қаңтар-шілде айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 1,151 млрд доллар болды.

Қазақстаннан Үндістанға мұнай, байытылмаған уран, химиялық радиоактивті элементтер және олардың қосылыстары, ұнтақ түріндегі күміс экспортталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу