Алматы денсаулық сақтау басқармасының басшысы жұмысында қонып жүр

794

Тілеухан Әбілдаев 6 күн бұрын орталық клиникалық ауруханаға бір науқасты қарауға барған.

Алматы денсаулық сақтау басқармасының басшысы жұмысында қонып жүр

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев індет жұқтырғандармен байланыста болған адам ретінде кеңсесінде оқшауланған. Бұл туралы ол Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте мәлімдеді.

"Алты күн бұрын Орталық қалалық клиникалық ауруханаға бардым. Сондықтан індет жұқтырғандармен байланыста болған адам ретінде өз өзімді оқшауладым. Өйткені отбасыма, әріптестеріме қатер төндіргім келмейді. Карантин басталғалы үш рет коронавирустық инфекцияға тест тапсырдым. Олардың барлығы теріс нәтиже көрсетті", – деді Тілеухан Әбілдаев.

Сонымен қатар басқарма басшысы қазіргі кезде кеңесесінде қонып жүргенін мәлімдеді.

"Аурухана жатқан науқасқа барып қайттым. Менің жанымда бөлім меңгерушісі, дәрігер және аурухананың бас дәрігері болды. Сондықтан 14 күн бойы карантинде боламын", – деді Тілеухан Әбілдаев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу