8 қараша таңертең ұшып шығуы тиіс "Алматы-Дубай" рейсі бір күнге кейінге шегерілді. Әуежайда дүзден аса жолаушы рейсін күтіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тасымалдаушыға сілтеме жасап сілтеме жасап.
Flydubai араб әуе компаниясының FZ 1722 рейсі Алматыдан Дубайға Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 4:50-де ұшуы керек еді. Алайда рейс техникалық себептерге байланысты кейінге шегерілгені хабарланды.
Әуе компаниясының колл-орталығының хабарлауынша, брондау жүйесінде рейс кейінге шегерілгені көрсетілген.
"FZ1722 рейсі бір күнге шегерілді. Әзірге ешқандай себеп айта алмаймыз. Алдағы уақытта жолаушылар SMS немесе электрондық поштаға қажетті ақпарат жазылған хат алады. Сондай-ақ оларға билетті ауыстыру немесе ақшаны толық қайтару ұсынылады. Бәлкім, рейс ертерек жоспарланып қалар. Біз әлі толық ақпарат бере алмаймыз", – деп жазылған байланыс орталығы таратқан хабарламада.
Өз кезегінде Алматы халықаралық әуежайы да рейстің басқа уақытқа ауыстырылғанын атап өтті.
"Біз әуе компаниясының рейсті келесі күнге қалдырғаны туралы ақпарат алдық. Қазіргі уақытта рейс 2021 жылдың 9 қарашасы таңғы сағат 8:50-ге жоспарланғаны туралы ақпарат бар", – дейді әуежайдың баспасөз қызметінен.