Алматы дүкенінде бойжеткеннің кеудесіне қол жүгірткен ер адамның кім екені белгілі болды

784

Ол Атырау облысының тұрғыны болып шықты.

Алматы дүкенінде бойжеткеннің кеудесіне қол жүгірткен ер адамның кім екені белгілі болды Фото: видео скриншот

Алматы полициясы азық-түлік дүкендерінің бірінде бойжеткеннің кеудесінен ұстап алған ер адамның жеке тұлғасын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бостандық аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, ер адамның жеке басы анықталды. Ол Атырау қаласының тұрғыны болып шықты", деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полиция өкілдері ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша іс материалы соттың қарауы және одан әрі шешім қабылдау үшін ер адамның Атырау қаласындағы тұрғылықты жеріне жіберілгенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу