Алматы экологиясын жақсарту бойынша 20 іс-шара қарастырылған

697

Шаһар ауасының ластануына ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 әсер етіп отыр.  

Алматы экологиясын жақсарту бойынша 20 іс-шара қарастырылған

Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өңірлердегі экологиялық мәселелер туралы сөз қозғады. Сөзін бірінші болып Алматыдағы ахуалдан бастаған ол, мегаполистегі ауаның ластануын ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 жылу көздерінің, автокөліктердің шығарындыларымен байланыстырды. 

"Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту үшін дайындалған жол картасында 20 іс-шара қарастырылған. Оның ішінде негізгісі - ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 газға ауыстыру, қалаға іргелес жатқан жекеменшік үйлерді газдандыру, коммуналдық және қоғамдық автокөліктерін табиғи газға көшіру, дизель отынымен жүретін қоғамдық көлікке кезең-кезеңмен тыйым салу, транзиттік көліктердің кіруіне және жүруіне шектеу қою жағын қарастыру және көгалдандыру. Сонымен қатар жел режиміне зерттеу жүргізу және соны ескере отырып, сәулет келбеті ережелеріне өзгерістер енгізу және құрылыстың бас жоспарын түзету керек", - деді министр. 

Құралай Құдайберген

Фото: shutter_dan

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу