Оның айтуынша, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы экономикасы 5,5%-ға өсіп, 5,8 трлн теңгені құрады.
"Осы жылдың 10 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар 15% өсіммен 873 млрд теңгеден асты. Жыл басынан бері өнеркәсіпте 18% өсім қамтамасыз етілді. Жыл соңына дейін Индустриялық аймақта 519 жұмыс орнын ашатын 4 жаңа жобаны іске қосу жоспарлануда. Бюджетке түсетін түсімдер 28,3%-ға, 2,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды", – деді мегаполис басшысы.
Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, құрылыста 22% өсім қамтамасыз етілген. Бөлшек сауда көлемі 12,7%-ға өсіп, 3,3 трлн теңгені, көтерме сауда – 2,3%-ға артып, 8,7 трлн теңгеге дейін жетті. Жыл басынан бері инфляция 7,6%-ды құрады.
"Жыл басынан бері шағын бизнесті несиелеу 1,4 есеге өсіп, 55 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бүгінгі күні қаладағы жұмыссыздық 5,1%-ды құрайды. Үшінші тоқсанда орташа жалақы 20%-ға өсіп, 283,7 мың теңгені құрады", – деді спикер.