Алматы экономикасының өсуі 5,5% деңгейінде болжанып отыр

Былтыр өңірлік өнімнің өсуі соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткішке ие болды.

Алматы экономикасының өсуі 5,5% деңгейінде болжанып отыр Фото: Максим Золотухин

Орталық Азияның жетекші экономикалық орталығының бірі саналатын аймақта даму көрсеткіші айқын байқалады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алматы экономикасының өсуі 2025 жылы 5,5-тен 6,4%-ке дейін жеделдетілген. 2023 жылғы рекордтық экономикалық өсімді ескере отырып, экономикалық дамудың жоғары қарқыны 9,7% деңгейінде сақталып отыр. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қала әкімі Ерболат Досаев өңір экономикасына тоқталып өтті. 

– Мемлекет басшысының тапсырмаларын және қаламыздың даму бағдарламасын тиімді іске асыру оның экономикасының тұрақты өсуімен етумен тығыз байланысты. 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Алматының қысқамерзімді экономикалық индикаторы 6,6%-ға дейін қарқын алды, – деді ол. 

Қала әкімінің сөзінше, 2024 жылдың қорытындысымен Алматы экономикасының өсуі 5,5% деңгейінде болжануда.

Айта кетейік, былтыр Алматыда жалпы өңірлік өнімнің 24,8 трлн теңгеге дейін өсуі байқалған, бұл – соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі, сауда, қаржы және сақтандыру қызметі (+12%), ақпарат және байланыс және т.б. даму драйвері болды. Осылайша, Алматы өзінің тұрақтылығы мен жоғары әлеуеті бар Орталық Азияның жетекші экономикалық орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін нығайтып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу