Алматы ел өңірлерінің арасында "ақылды" қалалар рейтингісінде бірінші орын алды

1391

Шаһар белсенділеріне арнап digital-almaty.kz порталы әзірленді. 

Алматы ел өңірлерінің арасында "ақылды" қалалар рейтингісінде бірінші орын алды

Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте  Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев осылай деп мәлімдеді. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта электрондық үкіметтің сервистік интеграторы "Зерде" холдингімен бірлесіп Алматы әкімдігінің IT-архитектурасын әзірлеуде. Осы мақсатта ақпараттық жүйелерді түгендеп, қазіргі ахуалды талдау жүргізіліп,одан әрі даму жолдары айқындалған.

"2020 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша Алматы қаласы еліміздің барлық өңірі арасында "ақылды" қалалар рейтингінде бірінші орынға ие болды. 2019 жылы біз екінші орында едік. Бұл рейтингті ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган "ақылды" қалалардың эталондық стандарты негізінде жүргізеді. Бұл талап қала тіршілігінің 11 бағыты бойынша 100-ден астам жобаны қамтиды", – деді Баян Қоңырбаев. 

Қазіргі уақытта Алматы қаласы әкімдігі мемлекеттік қызметтердің 90%-ы электронды түрде көрсетеді. www.balabaqsha.open-almaty.kz, www.bilimalmaty.kz ақпараттық жүйесі, "Дамумед" медициналық ақпараттық жүйесі, "InfoLab" АЖ, Автоматты диспетчерлік ақпараттық жүйесі, "Емдеуге жатқызу бюросы" порталы және өзге де ақпараттық жүйелер қызмет етуде. 

IT-қоғамдастығымен уақтылы ақпараттандыру және өзара белсенді іс-қимыл жасау үшін digital-almaty.kz порталы әзірленді. Оның аясында бағдарламашылар қаланы цифрландыру бойынша өз идеяларын ұсына алады.

"Егер сізде қызықты қосымша немесе жаңа ақпараттық жүйені құру идеялары болса, оларды порталға орналастыра аласыз. Егер сіздердің ұсыныстарыңыз қызықты болса, біз оларды жүзеге асыруға көмектесеміз. IT-мамандарын, креативті цифрлық ұйымдастырушыларды біздің порталды өз идеяларын орналастыру үшін пайдалануға шақырамыз", деді басқарма басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу