Алматы емханаларында 22 мыңнан астам шетел азаматы тіркелген

567

Алматы қаласының емханаларында 22 мыңнан астам шетел азаматы тіркелген, оның 5 мыңнан астамы – ресейліктер, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы емханаларында 22 мыңнан астам шетел азаматы тіркелген Фото: almaty.tv

"Егер шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын болса немесе тұруға ықтиярхаты болса, ол міндетті медициналық сақтандыру жүйесі және медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша көмек алуға құқылы. Бүгінгі таңда Алматы қаласының емханаларына 22 мыңнан астам шетел азаматы тіркелген. Олардың ішінде Ресей Федерациясының 5 мыңнан астам азаматы бар", - деді Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнәр Ысқақова.

 

Оның айтуынша, өткен жылдың 15 тамызынан бастап шетелдіктер мен еңбек мигранттары үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға тіркелу ережелері өзгерген. Енді оларда ерікті медициналық сақтандыру шарты болуы керек.

Елімізде 15 қыркүйекте еркін таңдау арқылы алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркелу науқаны басталды және ол 15 қарашаға дейін жалғасады.

"Бүгінде Алматыда 73 ұйым алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсетеді. Оның 40-ы – мемлекеттік, қалғаны – жекеменшік. Бүгінгі таңда 6 жаңа тапсырыс жеткізуші алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге және тіркеуге ниет білдірді", - деді спикер.

 

Тіркелудің үш мүмкіндігі бар: тіркелу науқаны аясында, еркін таңдау және қоныс аударуға байланысты. Қажет болған жағдайда учаскелік дәрігер көмектесіп, үйде бақылап отыруы үшін тұрақты тұрғылықты жерде орналасқан емхананы таңдауды ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу