Алматы емханаларында Face ID жүйесі енгізілмек

252

Қаланың емханаларында Face ID технологиясын пайдалана отырып, пациенттерді сәйкестендірудің жаңа жүйесі іске қосылуда.  

Алматы емханаларында Face ID жүйесі енгізілмек Фото: gov.kz

Бұл медициналық есептің нақты болуына мүмкіндік береді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, пациенттер емханаға келгенін растау үшін "Сандық құжаттар" қызметіндегі алты таңбалы код арқылы дәлелдейді. Жыл соңына дейін жүйе Алматының барлық емханаларында енгізілетін болады. Қазіргі уақытта Face ID қалалық емханалардың 70%-ы қолданылады.

Пилоттық жоба "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" ШЖҚ РМК және "Даму" Ақпараттық технологиялар орталығы" ЖШС бірлесіп іске асырылып жатыр.

"Денсаулық сақтау саласына цифрлық технологияларды енгізу – бұл медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған қадам. Face ID пайдалану пациенттерді дәл сәйкестендіруді қамтамасыз етеді, бұл әсіресе емдеуді тағайындау, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін рецепт жазу кезінде маңызды. Біз қала тұрғындары үшін медициналық қызметтерді қолжетімді әрі ыңғайлы ету үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмекті цифрландыру бойынша жұмысты жалғастырамыз",  деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсия Айқанқызы Ақанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу