Сарыбастау ауылының тұрғыны мал жайып жүріп, әлсіреген барысты көрген. "Қызыл кітапқа" енген жануар Алматы хайуанаттар бағына берілді, деп жазады inbusiness.kz .
19 сәуір күні Райымбек ауданы ПБ кезекші бөліміне Сарыбастау кентінің тұрғыны мал жайып жүріп, әлсіреген қар барысына кезіккені туралы хабарлама келіп түсті.
Жаралы жануарды 19 сәуірде ауыл тұрғыны тауып алған.
20 сәуірде "Қызыл кітапқа" енген жануар Алматы хайуанаттар бағына жеткізілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу