Алматы хайуанаттар бағы қуанышты жаңалықпен бөлісті

100

Кенгурулар көбейіп, бірден үш төлі дүниеге келді.    

Алматы хайуанаттар бағы қуанышты жаңалықпен бөлісті Фото: gov.kz

Бұл жаңалықты хайуанаттар бағының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сұр кенгурулар Лорд пен Ларадан, сондай-ақ Тик пен Линдадан екі төл туған. Лара алтыншы рет төлдесе, Линда алғаш рет туып отыр. Ал жирен кенгурулар Мартин мен Мартадан тағы бір еркек төл дүниеге келген.

Дәстүр бойынша Алматы хайуанаттар бағы жаңа туған төлдерге ат қоюға көпшілікті шақырады.

"Екі кенгурудың жынысы әлі белгісіз болғандықтан, оларға еркекке де, ұрғашыға да жарасатын әмбебап есімдер ұсынуға болады", – деді хайуанаттар бағының қызметкерлері. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу