Алматы хайуанаттар бағының ең қарт тұрғыны қайтыс болды

443

Ол Абессин мүйізді қарға.  

Алматы хайуанаттар бағының ең қарт тұрғыны қайтыс болды Фото: Telegram/zooalmaty2022

Алматы хайуанаттар бағы тұрғынының жасы 50-ден асқан. Бақтың баспасөз қызметінің мәліметінше, қарғаның нақты жасын ешкім білмейді.

Ол хайуанаттар бағына 1975 жылы ересек болған кезінде келді. Оның отаны Африканың солтүстігіндегі Эфиопия болуы мүмкін.

"Оның екі қызы Алматы хайуанаттар бағында қалды. Патриархтың өзі көзі тірісінде өзінен соң көп құс қалдырған. Олар бұрынғы Одақтағы хайуанаттар бақтарына тарап кеткен", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу