Алматы хайуанаттар бағының жұмысы қайта жанданды

1139

Шаһардың мәдениет нысандары қайта ашылды. 

Алматы хайуанаттар бағының жұмысы қайта жанданды

Бұл өзгерістер мегаполистің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантин шараларын жеңілдетуге байланысты қаулысына сәйкес жүзеге асырылып отыр. Осылайша қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады. 

"Алматы қаласы музейлер бірлестігі" КМҚК, оның ішінде Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар мұражайы, Д. А. Қонаев  музейі, Н. Тілендиев атындағы мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі музыка  мультимедиялық мұражай кешені күнделікті 10:00–ден 19:00–ге дейін жұмыс істейді. Бірақ кассалар бұрынғы жұмыс кестесіне бір сағат ерте  жабылады. 
Тағы бір жаңалық Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайында Азия және Еуропа музыкалық аспаптарының жаңа залдары ашылды. 
"Карантин кезінде Алматы хайуанаттар бағында керік, зебра, Пржевальский жылқысының құлыны, бұғы, ақбөкен, түйе, жапон тырнасы, эму түйеқұсы және тағы басқа көптеген жануарлар төлдеді. Олардың саны 100-ден асады. Барлық жануарлар төлдерімен бірге келушілер назарына шығарылған", – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Ал қаладағы кітапханалар әдеттегідей 9.00-ден 20.00-ге дейін ашық. Кітаптарды үйге 15 күн алуға болады.

"Орталықтандырылған кітапхана жүйесі онлайн режимінде көптеген басқа іс-шараларды өткізеді. Атап айтқанда, қазан айында балалар жазушысы С. Бегалиннің 125 жылдығына арналған онлайн режимінде Халықаралық конференция өткізу жоспарлануда. Мәдени нысандарға кіретін кезде қатаң түрде әлеуметтік қашықтықты және   қорғаныс маскаларын тағып кіру қажет", – деп хабарлады әкімдік.

Еске сала кетсек, қаладағы мұражайлар мен адам көп жиналатын өзге де мәдени нысандар наурыз айында карантинге байланысты уақытша жұмысын тоқтатқан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу