Алматы халқы 2040 жылға қарай 3,6 млн адамға жетуі мүмкін

70

Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында "Алматыбасжоспар" ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Асхат Садуов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алматы халқы 2040 жылға қарай 3,6 млн адамға жетуі мүмкін Фото: Almaty.tv

Алматы халқы алдағы 15 жылда 3,6 млн адамға жетуі мүмкін. 

Оның айтуынша, жаңартылған болжамға сәйкес, 2030 жылға қарай Алматы тұрғындарының саны 2 млн 750 мыңға жетеді. Ал 2040 жылы халық саны 3,6 млн адамға дейін өседі.

– Біз қаладағы барлық полиорталықтар бойынша тұрғындар тығыздығын тең бөлуге басымдық береміз. Жаңа Алатау қаласының және оған жақын агломерацияның дамуы да ескеріледі. Тұрғын үй қорын реновациялау және бұған дейін жоспарланған бес полиорталықтың мүмкіндіктері қала сыйымдылығын арттыруға жағдай жасайды. Халық өсімінің 35 пайызы – табиғи өсім, ал 65 пайызы – механикалық өсім, яғни көші-қонның есебінен қалыптасады, – деді Асхат Садуов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу