Көктемнің алғашқы күні өнер сүйер қауым белгілі қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбековті ақтық сапарға шығарып салды. "Ыстық болады жүрек ұмытпасаң жолыңды. Айналаң зұлымдық, көрсетпе жүзіңді" деп шырқаған жас дарын Таиландта жол апатынан қаза тапқан еді.
Оның әнін сүйіп тыңдайтын тыңдармандары үшін, бастысы музыканттың құрметіне кешкі сағат 18:00-де Арбатта концерт ұйымдастырылады.
Қысқа ғана ғұмырында ерекше шығармашылығымен танылған Darkhan Juzz әндері жылдар бойы шырқала берері сөзсіз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу