Алматы халқының азық-түлік сатып алуға шығыстары 50%-дан асты

856

Алматы халқының азық-түлік сатып алуға шығыстары 50%-дан асты

Алматы облысы халқының азық-түлік пен алкогольсіз ішімдіктер сатып алуға ақшалай жұмсауларының үлесі 2016 жылдың 3 тоқсанында  2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5 пайызға артты,  ал тұрмыстық заттарға – 2,1 пайызға, ақылы қызметтерге 1,3 пайызға  төмендеген.

Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша, 2016  жылдың  3 тоқсанында халықтың тұтыну шығыстарының жалпы көлемінен азық-түлік тауарлар сатып алуға  – 50,1%, тұрмыстық тауарлар – 30,7%, ақылы қызметтер 19,2% пайдаланылған, деп хабарлайды "Казах-Зерно" АА.
Шығыстардың жалпы көлемінде  азық-түліктер ішінде ет және ет өнімдері  – 14,8%, ұн өнімдері және  жарма – 7,2%, сүт өнімдері – 4,4% құрады.
Мамандардың айтуынша, 2016 жылдың 3 тоқсанында  алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда барлық негізгі азық-түлік топтары бойынша төмендеу байқалады: майлар – 24,5%, көкөніс - 14,7%, жеміс - 12,7%, жұмыртқа - 6,2%, ұн өнімдері мен жарма - 3,8%, балық және теңіз өнімдері  - 2,7%. Жоғарлау: сүт және сүт өнімдері - 16,0%, ет және ет өнімдері - 11,0%, картоп - 5,4%, қант, джем, бал, шоколад, кондитерлік өнімдер- 1,5%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу