Алматы халқының коронавирусқа қарсы иммунитеті 60%-дан асқан жоқ

835

Талап бойынша иммундық қабатқа кемінде 75-85%-ға жетуі керек. Бұл туралы Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді, деп жазды inbusiness.kz.

Алматы халқының коронавирусқа қарсы иммунитеті 60%-дан асқан жоқ

"Алматы, Қазақстанның басқа өңірлері сияқты, эпидемиологиялық  ахуалды бағалау матрицасының "жасыл" аймағында орналасқан. Жұқтыру жағдайларының тәуліктік тіркелуі төмендеді. Өткен тәулікте коронавирустың 15 жағдайы тіркелді, бірақ бұл карантиндік шараларды елемеуге себеп болмайды. Барлық алматылықтарды жабық бөлмелерде бетперде тағуға шақырамын, себебі бұл талап міндетті болып қала береді", – деді Әсел Қалықова.

Спикер атап өткендей, сырқаттанушылық көрсеткішінің төмендеуі қаладағы қолданыстағы шектеулерді, соның ішінде Ashyq жобасы бойынша шектеулерді жеңілдетуге мүмкіндік берді.

Әсел Қалықова қала тұрғындары үшін коронавирустан вакцинациялау және қайта вакцинациялау әлі де маңызды екенін атап өтті. Иммундық қабатқа кемінде 75-85%-ға жетуі керек.

"Бүгінде вакциналық профилактика жұқпалы және паразиттік ауруларға, соның ішінде коронавирусқа қарсы негізгі қорғаныс шарасы болып табылады", – деп атап өтті СЭБД басшысының орынбасары.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу