Алматы халқының төрттен бірі медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалған

858

Олар міндетті медициналық көмек ала алмай отыр.

Алматы халқының төрттен бірі медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалған

Алматы қаласында 435 мыңға азамат сақтандырылмаған, сондықтан олар міндетті медициналық сақтандыру пакетін ала алмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Медициналық сақтандыру қоры Алматы филиалы өкілдерінің айтуынша, сақтандырылмағандардың тізімін талдау кезінде келесі портретті жасауға болады:

- жалдамалы қызметкерлер – 21%;
- келісімі шарт бойынша жұмыс істейтін адамдар – 21,4%;
- жеке кәсіпкерлер – 4,2%;
- бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер – 25,4%;
- өз-өздеріне төлем жасайтындар – 2,8%;
- жүйе жұмыс істегеннен бері сақтандыру мәртебесі жоқ азаматтар – 32,3%.
 
"Қор медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту және халықтың міндетті медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылуын арттыру бойынша үнемі жұмыс жасайды. Қазір бұл жүйеде 1,6 млн алматылық бар. Яғни кез келген уақытта, қажет болған жағдайда, олар медициналық сақтандыру пакетіндегі медициналық көмекке сене алады. Бірақ тәуекел тобында 435 мың азамат бар. Олар қандай да бір себептермен жүйеден тыс қалды", – деп түсіндіреді филиал директоры Тілеухан Әбілдаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу