Алматы: Halyk Arena коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдай бастады

646

Спорт кешеніндегі төсек-орын 1000 адамға арналған. 

Алматы: Halyk Arena коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдай бастады

Алматыдағы Halyk Arena коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдай бастады. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Басқарма атап өткендей, Halyk Arena қайтадан іске қосылды. Онда орташа жағдайдағы науқастар жеткізіледі.

"Таңертеңгі жағдай бойынша, Halyk Arena спорт кешенінде ашылған провизорлық стационарлық орталықта 18 науқас жатыр. Мұндай шешім мегаполис тұрғындары арасында КВИ инфекциясының таралмауы үшін қабылданды. Спорт кешеніндегі төсек-орын 1000 адамға арналған. Науқастарға медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған. Медициналық құралдармен толық жабдықталған. Талапқа сай", - деп хабарлады басқармадан.

Айта кетейік, Алматыда жаңа штамдар пайда болды. Оның контагиозы жоғары. Алдыңғы базалық штаммен салыстырғанда жаңа штамдардың жұқтыру көрсеткіші 70 пайызға дейін жетеді. Бұл инфекция жоғары жұқпалы екендігін көрсетеді. Мегаполисте соңғы уақытта тіркелген вирустың таралу жылдамдығына дәл сол себеп болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу