Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.
"Алматы әуежайы қаладағы жағдай тұрақтала бастағаннан кейін қайта қызмет көрсетеді. Жалпы, әуе айлағы техникалық жағынан ашылуға дайын", – деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Алматы халықаралық әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жұмыс істемей тұр. Қалада 4-7 қаңтар лаңкестік шабуылдар болып, бір топ адам әуежайды басып алған болатын. Кейін антитеррорлық операция нәтижесінде ұшу айлағы қылмыскерлерден тазартылды. Бірақ нысанның ішіндегі заттар қитап, әуежай қызметін тоқтатты.
Құралай Құдайберген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу