Алматы халықаралық әуежайын шетелдік компания сатып алуы мүмкін

1829

Келіссөздер жақын арада жүргізілмек.  

Алматы халықаралық әуежайын шетелдік компания сатып алуы мүмкін

TAV Airports әуежайлар операторы Алматы халықаралық әуежайы басшылығымен бірге қазақстандық әуе кеңістігін сатып алу мәселесін талқылады. Сонымен қатар, оған VPE Capital басқарушы компаниясы қатысты. Groupe ADP компаниясының ( оған TAV Airports акцияларының 46,12%-ы тиесілі) мәліметтеріне сүйенсек, қос тарап жақын арада келісімге келуі мүмкін. 

"Қазақстанның қаржылық орталығындағы Алматы халықаралық әуежайы - Орта Азиядағы ірі әуежай болып табылады. 2018 жылы ол 6 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Оның ішінде жолаушылардың жартысы халықаралық бағыттар бойынша сапарға шыққандар. Қазақстан теңізге шықпайтын әлемдегі ең үлкен ел. Ол Орта Азияда ішкі жалпы өнім өсімінің 60%-ын құрайтын экономикалық даму драйвері. Осы әуежайды сатып алу Groupe ADP пен  TAV Airports даму жоспарына сәйкес келеді",-деп хабарлады Groupe ADP.

Groupe ADP – әуежайларды басқаратын, дамытатын компания. Аталған холдинг құрамына Paris-Charles de Gaulle, Paris-Orly және Paris-Le Bourget әуежайлары кіреді. 2018 жылы Groupe ADP француз әуе кеңістігі арқылы 105 млн жолаушыға, өзге әуе кеңістіктері арқылы 176 млн адамға қызмет көрсеткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу