Алматы халықаралық әуежайында 10 рейстің ұшу уақыты өзгерді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Алматы әуежайының мәліметі бойынша төмендегідей рейстердің ұшу уақыты кешіктірілді:
1. KC971 Алматы-Шымкент (Шымкенттегі ауа райының қолайсыздығы) "Эйр Астана" ӘК.
2. DV725 Алматы-Өскемен (Өскемендегі ауа райының қолайсыздығы) "Скат" ӘК.
3. КС405 Алматы-Киев (Транзит жолаушыларының кешігуіне байланысты) "Эйр Астана" ӘК.
4. КС881 Алматы-Орал (техникалық себептерге байланысты) "Эйр Астана" ӘК.
5. KC301 Алматы-Өскемен (техникалық себептерге байланысты) "Эйр Астана" ӘК.
6. DV735 Алматы-Семей (Ұшақтың кеш келуіне байланысты) "Скат" ӘК.
7. KC311 Алматы-Қарағанды (техникалық себептерге байланысты) "Эйр Астана" ӘК.
8. КС859 Алматы-Ақтау (техникалық себептерге байланысты) "Эйр Астана" ӘК.
9. SU1947 Алматы-Мәскеу (ұшақтың кеш келуіне байланысты) "Аэрофлот" ӘК.
10. DV706 Алматы-Шымкент (Шымкенттегі ауа райына байланысты) "Скат" ӘК. Сонымен қатар, DV 713/714 Алматы-Астана-Алматы рейсінің ұшуы тоқтатылды.