Алматы халықаралық әуежайында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді

570

Бұл – мегаполисті шетелден коронавирус әкелуден қосымша қорғау бойынша қабылданған шаралар.  

Алматы халықаралық әуежайында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №54 қаулысын іске асыру шеңберінде шаhардың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматы халықаралық әуежайында санитарлық-эпидемиялық шараларды қатаңдату жөнінде қаулы қабылдады.

Осыған байланысты Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қаланың Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшинмен бірлесіп әуежай аумағында халықаралық рейстердің жолаушыларын қарсы алу бойынша қызметтерді үйлестіру және жедел өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыс семинар-кеңесін өткізді. Әуежай әкімшілігі, шекара қызметі, қала мен әуежайдың санитарлық-эпидемиялық қызметтері басшылығының, сондай-ақ әуе айлағында санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге тартылған қалалық құрылымдардың өкілдері қатысты.

Семинар-кеңес барысында ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтамасыз жолаушыларды анықтау үшін оларды отырғызу және ұшып келген сәтінен бастап уәкілетті құрылымдардың іс-қимыл алгоритмі пысықталып, нұсқама жүргізілді. 

Алматы халықаралық әуежайының аумағында халықаралық жолаушылар әуе рейстерімен келетін адамдардың байланыссыз термометриясы жүргізіледі. Әуежай қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Әуежай аумағында міндетті маска режимі және әлеуметтік қашықтықты сақтау талабы сақталады.

Алматы әкімдігінің тапсырмасы бойынша әуежай ғимаратында ұшып шығатын жолаушылар үшін ПТР-диагностикаға сынама алу пункті ашылды.

Дене қызуы жоғары немесе ауру белгілері (жөтел, ентігу, тыныс алудың қиындауы) бар адамдар Алматы қаласы әуежайының оқшаулағышына орналастырылады немесе әуе кемесінің бортынан жедел жәрдем машиналарымен дифференциалды диагностика мен емдеу жүргізу үшін қаланың инфекциялық стационарларына тасымалданатын болады.

Сондай-ақ, жұмыс тобы қалаға ПТР-тестілеусіз келетін жолаушыларды уақытша ұстауға арналған қонақ үйлердің дайындығын тексерді. Мұнда ПТР-сыз адамдардың уақытша болуы, оқшаулауды қамтамасыз ету және санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздіктің өзге де талаптарын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасалған.

Еске сала кетсек, ҚР Бас мемлекеттік дәрігерінің қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту кезінде өзге елдің азаматтарында COVID-19-ға алынған тесттің нәтижесі 72 сағаттан аспағанын көрсететін анықтама болмаған жағдайда, қалаға кірулеріне жол берілмейді. Шетелден анықтамасыз келген ҚР азаматтары әуежай аумағынан ПТР-тестілеуді өткізу үшін және нәтижелерді күту кезеңінде уақытша мегаполистің қонақ үйлеріне орналастырылады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу