Алматы Халықаралық әуежайында жолаушылар мен қала қонақтарының күрт өсуі байқалды

436

Бүгінгі таңда қолданыстағы әуежай терминалының өткізу қабілеті жылына 2,7 млн. адамды құрайды. 

Алматы Халықаралық әуежайында жолаушылар мен қала қонақтарының күрт өсуі байқалды Фото: Tengrinews

Туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жазғы демалыс және каникул уақытында рейстердің ұлғаюына байланысты Алматы Халықаралық әуежайында жолаушылар мен қала қонақтарының күрт өсуі байқалады.

Алматы Халықаралық әуежайы 2022 жылы 7,2 млн.астам жолаушыны қабылдады және 2023 жылы жолаушылар ағынын 8 млн. дейін ұлғайту жоспарлануда.

Осы кезеңде Алматы Халықаралық әуежайының аумағында қосымша кезектер мен кептелістер байқалуы мүмкін.

Біз өткізу қабілеті 8 млн.адамды құрайтын және қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына қажетті жайлылық пен ыңғайлылықты қамтамасыз ететін жаңа Халықаралық Жолаушылар Терминалының құрылысын тезірек аяқтау үшін бар күшімізді саламыз, делінген 
Алматы Халықаралық әуежайы таратқан хабарламада. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу