Алматы Халықаралық әуежайының аумағында төбелес шығарған бұзақыларды қамауға алу санкцияланды

532

Алматы Халықаралық әуежайының аумағында төбелес шығарған бұзақыларды қамауға алу санкцияланды, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Алматы Халықаралық әуежайының аумағында төбелес шығарған бұзақыларды қамауға алу санкцияланды

Еске салайық, осы жылдың 26 ​​шілдесіне қараған түні әуе айлағының автотұрағында үш мас ер адам төбелескен болатын. Бұл туралы полицияға көшеде өтіп бара жатқандар хабарлаған.

"Төбелесіп жатқандар полиция қызметкерлерінің талаптарына агрессиямен жауап берді. Олардың бірі – бұрын сотталған 28 жастағы У.есімді азамат сыраның шыны бөтелкесін сындырып, полицейге қарай жүгірді, оны соққыға жыққысы келді. Ауыр қылмысты тоқтатқан тәртіп сақшысы қызметтік қаруынан аспанға ескерту оқ атқан. Нәтижесінде, төбелеске қатысушылар ұсталды. Олар – Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары. Олардың екеуі – бұрын адам тонағаны және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған. Құқық бұзушылар ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі – бұзақылықпен квалификацияланған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов.

Сотқа дейінгі тергеу органы күдіктілерге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын таңдауды сұрады. Оны Түрксіб ауданының прокуроры да қолдады. Тергеу соты қылмыстың үш қатысушысын қамауға алуға санкция берді.
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу