Алматы халықаралық кітап жәрмеңкесі ашылды

519

Шара 25 қарашаға дейін созылады.  

Алматы халықаралық кітап жәрмеңкесі ашылды Фото: mezgil.kz

Оңтүстік астанада "Ұлы жібек жолымен-2022" халықаралық кітап және Полиграфия көрме-жәрмеңкесі ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Атамұра" баспасына сілтеме жасап.

Жәрмеңкенің өтуіне ҚР мәдениет және спорт министрлігі, "Атакент-Экспо" Халықаралық көрме компаниясы мен ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, Қазақстанның баспагерлер, полиграфисттер және кітап таратушылар қауымдастығы қолдау білдіріп отыр.

Х Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесінің мақсаты - Қазақстандағы заманауи кітаптарды кеңінен таралуына қол ұшын беру, отандық кітап ісі саласын нығайту, баспаханалар арасында тәжірибе алмасу, отандық кітап нарығында ұлттық өндірушілердің орнын нығайту болып табылады. Сонымен қатар көптеген елдердің баспагерлік, полиграфиялық және кітапсатушы компаниялардың арасында мәдени және іскерлік байланыстарды ұлғайту, елдер мен серіктес компаниялар арасындағы байланыстарды әрі қарай дамыту, полиграфия, кітапсату және кітап өндірісіне ең соңғы технологияларды енгізу.

Көрмеде Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің жетекші баспалары, полиграфиялық компаниялары мен кітапханалары, сондай-ақ, Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының Мәдени өкілдігі кітапханалық және баспа-полиграфиялық салаларының болашағы мен өзекті мәселелерін талқылауға, іскерлік және кәсіби байланыстарды кеңейтуге және тәжірибе алмасуға жиналмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу