Алматы инвесторлар үшін тартымды қала ма?

1074

Биыл шаһарда қызмет көрсету саласында жалпы инвестиция көлемі 54,3 млрд теңге болатын бірқатар жоба іске асырылды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Нұр-Сұлтандағы баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Алматы инвесторлар үшін тартымды қала ма? Фото: Максим Золотухин

Инвестицияның басым бөлігі қонақ үй бизнесіне салынған. Holiday Inn Express қонақ үй кешені, Swissotel Wellness Resort Alatau емдеу-сауықтыру кешені іске қосылса, осы айда көпфункционалды "Жетісу" қонақ үй кешені ашылмақ. 

Алматы әкімінің айтуынша құны 85 млрд теңге болатын Алматыдағы Халықаралық әуежайдың жаңа терминалын салу маңызды жоба болады. Ол іске қосылғанда жолаушылар ағыны жылына 6 млн адамға дейін, өткізу қуаты – 2,5 есеге арттырады.

Білім жобалары бойынша биыл жылы Бостандық ауданында De Montfort Kazakhstan университетінің кампусы салынды. Медеу ауданында тағы бір университет кампусын салу жоспарлануда.

Биылғы жылдың ақпан айында "High Tech Academy" жеке Халықаралық инновациялық мектебі жобасы іске асырылды. Наурыз айында Медеу ауданында "Helmer" медициналық-оңалту орталығы ашылды.

Қыркүйек айында онкология және радиология институтының ғимаратында Томотерапия орталығының ашылуы өтті. Онда инвестор Денсаулық сақтау саласындағы түрік компаниясы "Orhun Medical" болған. Сауда саласында Леруа Мерлен екінші сауда орталығының, Volkswagen және Mercedes Benz дилерлік орталығының құрылысы пысықталуда. 

"Қаланың өнеркәсіп саласы да инвесторлар үшін тартымды. Қалада Индустриялық аймақ бар, онда өткен жылы "Hyundai Trans Kazakhstan" жеңіл автомобильдер зауыты, "Asia Steel Pipe Corporation" құбыр өнімдерін шығаратын зауыт салынды. "CELKONSAN Stroy" металл қоршаулар шығаратын зауыт және "Panelsan" сэндвич-панельдерін шығаратын зауыттар жобалары пысықталуда", – деді Бақытжан Сағынтаев.  

Әкімнің айтуынша қаланың Индустриялық әлеуеті 10 айда 18,9%-ды құрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу