Алматы қаласының іргесінде орналасқан тұрғын үй кешені суық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Бұқтырма көшесі мен Құлжа тас жолы қиылысындағы (құрылыс орнынан құбырды шығару) жол айрығын салу аясында 2 қарашада сағат 00:00-ден (сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні) 3 қараша 22:00-ге дейін Алматы облысы Талғар ауданындағы "Аспан сити" тұрғын үй кешенінде суық су болмайды. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз", делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу