Алматы қалалық Білім басқармасы мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы ұсталды

Ол жетім балаларға лагерь ұйымдастыру үшін пара алмақ болды деген күдікке ілінді. 

Алматы қалалық Білім басқармасы мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы ұсталды Фото: www.pressa.az

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оның айтуынша Алматы қаласы білім басқармасы мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығының жазда саунада балалар лагерін ұйымдастыру дерегіне қатысты ұсталған.

"Алматыдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі прокуратурамен келісе отырып, білім басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысын ұстады. Ол қаладағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының оқушылары үшін лагерь ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетушіден 12 млн теңгеден астам соманың 10 пайызын пара ретінде алмақ болды деген күдікке ілінді. Пара компанияны конкурс жеңімпазы деп тану үшін берілген. Балалар лагерін ұйымдастыру үшін қажетті материалдық немесе еңбек ресурстары жоқ компания жеңімпаз деп танылғаны анықталды. Шенеунік сот санкциясымен қамауға алынды, тергеу жалғасуда", - деді Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу