Алматы қалалық емханасының бухгалтерлері қомақты қаражат жымқырғаны үшін сотталды

200

Олар 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырған.

Алматы қалалық емханасының бухгалтерлері қомақты қаражат жымқырғаны үшін сотталды Фото: canva.com

Алматы қаласы Медеу ауданының соты қалалық емхананың бухгалтерлері К. Хангиреева мен А. Туғанбаеваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар ауруханада іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны және басқа да төлемдерді заңсыз аударған. 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырған.

Сот үкімімен бас бухгалтер Хангирееваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның қарамағындағы қызметкер Туғанбаева 7 жылға сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу