Сағындық Телібаев Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек өтілі:
- 2006-2007 жылдары – "Алматыметроқұрылыс" АҚ күрделі құрылыс бөлімінде тау-техникалық инженер, "Алматының салынып жатқан метрополитені дирекциясы" ШЖҚ МҚК күрделі құрылыс бөлімінде жетекші инженер болып жұмыс істеген.
- 2011-2013 жылдары – Алматы қаласының жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасында бас маман қызметін атқарған.
- 2013-2016 жылдары – аталмыш басқармада жолаушылар тасымалы бөліміің басшысы болған.
- 2016-2019 жылдар – аралығында жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары
- 2019-2020 жылдары – осы басқарманың басшысы қызметін атқарған.
- 2020-2022 жылдары – ШЖҚ "Метрополитен" КМК директоры болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу