18 қарашада Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Қалалық орталық кеден зертханасының басшысы А. Сатыбалдиев пен бас маман Әлібеков Б. сотталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сатыбалдиев пен Әлібековке мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сол үкіммен кеден брокерлері Николас В., Казанцева С. және Гаруни С. аталған лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін айыппұл салуға сотталды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу