Осыған орай ТЖД ескерту жариялады.
"Батыс жақтан соғатын қатты жел екпіні секундына 18 -23 метрге жетеді. Қатты жел кезінде автокөлікті ағаштардың, электр желілері мен басқа да әлсіз бекітілген құрылымдардың астында қалдырмауды сұраймыз. Тауға демалуға барғанда ашық от жақпауды, тұтанған темекі қалдықтарын тастамауды сұраймыз. Бір желіге бірнеше электр құрылғысын қоспаңыз. Себебі электр желісінің шамадан тыс жүктелуі қысқа тұйықталуға және өртке әкелуі мүмкін", делінген ТЖД хабарламасында.
Сондай-ақ, балаларды автокөліктердің ішіне қалдырмауды сұрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу