Алматы қаласы ІІД: Журналистерге қатысты тергеу шарасы заң аясында жүргізіліп жатыр

901

Алматы қаласы ІІД:  Журналистерге  қатысты тергеу шарасы заң аясында жүргізіліп жатыр

Сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізілімінде тіркелген қылмыстық іс аясында ІІД "Ratel" мен "Forbes"-тің бірқатар қызметкеріне қатысты тергеу әрекетін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі.  

"Түскен арызды негізге ала отырып, "Ratel" редакциясында, фигуранттардың мекенжайында, сондай-ақ "Forbes" редакциясында  тінту жүргізілді. Іске қатысты фигуранттар тергеліп, тергеу шаралары жүргізілгеннен кейін  Алматы қаласының ІІД-де аялдаған жоқ. Аталған іс бойынша ешқандау тұтқындау болған жоқ. Қазір іске қатысты фигуранттардың куәгер ретінде қорғалуға құқы бар", - делінген ІІД таратқан баспасөз хабарламасында.

Сондай департамент барлық шаралар заң аясында жүргізіліп жатқанын айтады. Кейбір БАҚ-та құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекетіне қайшы келетін ақпараттар шығып жатыр. Осыған байланысты ІІД әлеуметтік желілердегі ақпараттарды жарияламауды, ақпараттың анық-қанығына көз жеткізуді сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу