Алматы қаласы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды

563

Алматы қаласы әкімінің өкімімен Қаржы басқармасының басшысы болып Қанат Сухамбеков тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz ​ әкімдікке сілтеме жасап.

Алматы қаласы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қанат Сәдуақасұлы Сухамбеков 1992 жылы 17 тамызда Астанада туған. 

Қазақ гуманитарлық-заң университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша бітірген. 
Қ. Сухамбековтың Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінде және Ақмола облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінде жинақтаған тәжірибесі бар. 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің инспекторы қызметін атқарды. 
 

Тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу