Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

290

Өкімді Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қабылдады.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне Марат Орымбасарұлы Пашимов тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Марат Пашимов 1981 жылы 4 қазанда дүниеге келген. Медицина ғылымдарының кандидаты.

Денсаулық сақтау саласында 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді. Әр жылдары медбике, анестезиолог-дәрігер болып жұмыс істеген. Сондай-ақ, реанимация және телемедицина бөлімшесінің меңгерушісі, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс мен төтенше жағдайлар жөніндегі бас дәрігердің орынбасары қызметтерін атқарған. Қалалық емхананы, облыстық клиникалық аурухананы, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқарған.

2023 жылдан бастап Алматы қаласындағы "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу