Ашық есік күні 22 желтоқсан сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Абай даңғылы 90 мекенжайындағы Алматы бас жоспары ғимаратында өтеді. Онда басқарудың жаңа нысандарына көшу бойынша талқылау болады.
"Қала тұрғындары мүлік иелері бірлестігі (МИБ) мен қарапайым серіктестікке (ҚС) көшу алгоритмдері және тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласындағы басқа да мәселелер бойынша кеңес ала алады" , делінген хабарламада.
Қатысушыларға бетперде тағу режимі мен санитарлық нормаларды сақтау ескертіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу