Алматы қаласы мәслихатына 6 партияның өкілдері өтті

766

Алматының аумақтық сайлау комиссиясы қала мәслихаты депутаттарын сайлаудың қорытындысын шығарды.  

Алматы қаласы мәслихатына 6 партияның өкілдері өтті Фото: stan.kz

Сайлау нәтижелері аумақтық сайлау комиссиясы отырысында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

  • Комиссияның мәліметінше, AMANAT партиясына 151 531 адам немесе 51,94% дауыс берген.
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясына 8264 адам немесе 2,83%;
  • "Республика" партиясына 38 369 адам немесе 13,15%;
  • Қазақстан халық партиясына 38 563 адам немесе 13,22%;
  • Жасыл "Байтақ" партиясына 23266 адам немесе 7,97%;
  • Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясына 15 273 адам немесе 5,23 пайыз дауыс берген.
  • "Барлығына қарсы" бағанын 16 490 адам таңдаған.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу