Алматы қаласы мен облысында патрульдік полицейлер пара алған

597

Патрульдік полицияның 7 қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

Алматы қаласы мен облысында патрульдік полицейлер пара алған Фото: egov

Алматы қаласы мен облысының патрульдік полиция инспекторлары пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz Антикорға сілтеме жасап.

Олар бірнеше рет пара алды деп күдіктенуде. Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы алған.

Сонымен қатар инспекторлар жолдарда іс жүзінде құқық бұзушылық жасамаған азаматтардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденген.

Қазіргі уақытта қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды.

Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу